Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денсаулық сақтау министрілігінің тексерісінен кейін 300-дей жеке емшара кабинеті жабылды

Денсаулық сақтау министрілігінің тексерісінен кейін 300-дей жеке емшара кабинеті жабылды
Сурет: mrt31.ru
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті лицензиясыз жұмыс істеген 408 жеке емшара кабинетін анықтаған.

Қазақстанда тексеру жүргізілген жеке емшара кабинеттерінің иелеріне 16 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мониторинг барысында лицензиясыз жұмыс істеген 408 жеке кабинетті анықтаған.

Тексеруден кейін 270 кабинет өз еркімен жабылған. Кейбіреулері қызметін заңдастыруға уәде берген. Тағы 116 нысанда жоспардан тыс тексеру тағайындалды.

Тексерушілер мынадай жүйелі заңбұзушылықтарды анықтаған:

  • медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
  • дәрілік заттарды сақтау шарттарын бұзу;
  • білікті медициналық персоналдың болмауы;
  • шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Жұмыс қорытындысы бойынша комитет мамандары жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асатын 147 әкімшілік хаттама толтырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар