Қоғам

Төтенше жағдайдың алдын алу: Құтқарушыларға қандай көмекші құралдар жәрдем етуде?

Қазақстанның көз сүйсінетін табиғатымен танымал. Десе де табиғат ананың да сынға алатын сәттері болады.

Еліміздің солтүстігінде – су тасқыны, оңтүстігінде – таулар мен жер сілкінісі қаупі, далада –  өрт. Бұрын құтқарушылар апат кезінде ғана жұмысқа кірісетін. Ал қазір құтқару жұмыстарының әдіс-тәсілі өзгеріске ұшырады. Қазір құтқарушылардың басты мақсаты – апаттың алдын алу, орын алатын қауіпті алдын ала көре білу. 

Су тасқынына қарсы цифрлық құрылғы

Иә, бірнеше ай бұрын келетін апатты болжау қиын, тіпті мүмкін емес. Сол себепті Қазақстанда "Tasqyn" жүйесі енгізілді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ақылды виртуалды көмекші.

Бұл қалай жұмыс істейді? Жүйе спутниктер мен датчиктерден деректерді жинайды: қанша қар жауды, жер қаншалықты терең қатып қалды және мұз қаншалықты тез ериді. Жасанды интеллект осы сандарды өңдейді және карта жасап шығады: тасқын қайда пайда болады және қай үйлерді бірінші кезекте қорғау керек екенін көрсетеді. Бұл құтқарушылардың жұмысын жеңілдетін, бөгеттерді алдын ала нығайтуға мүмкіндік береді.  

Дрондар мен тікұшақтар

Бүгінде заманауи құтқарушы  күрек немесе гидравликалық қысқышы бар адам емес. Мысалы арнайы жасалған дрондар орман өрті кезінде қалың түтінің арасында да ұшады. Дрон арқылы өрттің қайда пайда болғанын көріп, алдын ала жоспар құруға көмектеседі. Адам іздеу кезінде де құтқарушылар дронның көмегіне жүгінеді.

 «Дрондар құтқару жұмыстары кезінде біздің жұмысымызды жеңілдетеді. Мысалы дрон 200 метрге көтерілсе бір минут ішінде бір жарым шақырым жерді көре аламыз. Мұндай уақытта адамдар осынша аумақты қарап шығуы қиын. Сол себепті дрондар арқылы уақытты үнемдеп, іздеу мерзімін қысқартамыз. Сондай-ақ бұл оң нәтижесін де береді», дейді құтқарушы қызметінде жұмыс істейтін Сергей Пыхтин. 

Статистика не дейді?

ТЖМ қызметінің есептерінің артында мыңдаған құтқарылған тағдырлар жатыр.  Соңғы статистикалық деректер бойынша:
ҚР ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері құтқарған адамдардың саны 11 481 адамды құрады, сол азаматтардың саны — 11 465 адам — құтқарушылар жыл ішінде төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуацияланды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек 4 101 адамға көрсетілді, ал 8 888 адам медициналық-психологиялық көмек алды. 

 Бұл статистикалық деректер бұл қызметтің негізгі қаһармандары – құтқарушылар екенін көрсетеді. Себебі олар өз өмірін күн сайын қатерге тігіп, тәуекелге барады.  Ал технологиялық құралдар көмекші ретінде қызмет етеді. Қазір құтқарушы мамандарына жоғары технологияны дұрыс пайдалану жолдары үйретіліп жатыр. "Ақылды" құрылғыны басқару немесе AI деректерін талдау үшін сараптамалық білім қажет. Қазақстан құтқару операциясын басқару пультінің артында нағыз кәсіпқой отыруы үшін мамандарды оқытуға белсенді инвестиция салуда.