Блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды
Блогерге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы Полиция департаменті блогерге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Бұрын тонау қылмысы үшін сотталған күдіктіге қатысты сот 10 тәулікке күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", – деп хабарлады Алматы ПД.
Полиция тергеу құпиялылығына сүйеніп, істің өзге мәліметтерін жария етпеді.
Баспасөз қызметі мәліметінше, Молдаханға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 1-бөлігі – "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетсек, күні кеше Молдахан Әділетханның ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Ол Әл-Фарабаи даңғылындағы үш адам қаза тапқан жол-апатына қатысты айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын.