Мөлдір Әуелбекова шетелге көшетінін айтты
Мөлдір Әуелбекова Малайзияға көшетінін мәлімдеді.
Танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова Қазақстаннан көшкелі жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол Малайзияның астанасы Куала-Лумпурдан пәтер таңдап қойғанын жазды.
“Куала-Лумпур! Жайлы қаланың жұмсақ тұрғындарына тамсандық! Пәтер таңдап кеттік! Бұйырса көшеміз! Айтар жаңалығым көп!” – деп жазды ол.