Қоғам

Нұрай Серікбай өлімі: адвокат күдіктінің психиатриялық ауруханаға жатқызылды

28 жастағы күдікті Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылған.

21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің қайда екені туралы жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұмның ағасы мен отбасының адвокаты айтып берді.

Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров іс аясында сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Осыған байланысты 28 жастағы күдікті Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған үлгідегі қарқынды бақылау жасалатын республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылған.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті мамандардың бақылауымен қарқынды ем қабылдап жатыр. Оның ақыл-есінің дұрыстығына қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Емдеу аяқталғаннан кейін кешенді сараптама тағайындалады", – деп түсіндірді адвокат.

Бұл ретте қорғаушы бұған дейін Шымкентте ер адамның медициналық бақылауда болмағанын, тергеу изоляторында отырғанын нақтылады.

Нұрайдың туыстары ер адам бұның бәрін нақты жазадан құтылу үшін жасап жатыр деп қауіптенеді.

"Екі сараптамадан кейін оның Талғарға ауыстырылғанын растады. Біз оны жауапкершіліктен қашуға тырысып жатыр деп есептейміз. Қазір оның адвокаттары мен отбасы қажетті анықтамаларды алу үшін бар күшін салады. Мұндай жағдайларда емдеу процесі созылып, сот кейінге қалу қаупі бар. Соңында оны есі дұрыс емес деп танып, ол жай ғана бостандықта қала ма деп қорқамыз", – деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай.