Шымкентте екпе кабинетінде бір мезетте төрт адам көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:41
- 46
Шымкентте жеке дәріханалар жанында жұмыс істейтін екпе кабинеттерінде бір мезетте төрт адам қайтыс болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәліметке сәйкес, науқастарға қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген. Салдарынан науқастар тікелей процедуралық бөлмелерде көз жұмған.
Осы оқиғадан кейін Шымкент қаласының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жоспардан тыс тексерістер жүргізді. Нәтижесінде 13 тексеріс өткізіліп, дәріханалар жанындағы 12 процедуралық кабинеттің жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 14 әкімшілік хаттама толтырылып, нысан иелеріне қызметті заң талаптарына сәйкестендіру міндеттелді.
Тексеру барысында дәріханаларда психотроптық препараттарды заңсыз сатудың 25 дерегі тіркелген.
Жалпы тексеріс қорытындысы бойынша 331 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 41 миллион теңгеден асты.




