Келін болу оңай емес: Танымал әзілкештің әйелі беташарда үш сағат бойы сәлем салғанын айтты.
Беташар кезінде үш сағат бойы аяғынан тік тұрып, жиналған жұртқа сәлем берген жаңа түскен келін өзінің эмоциясымен бөлісті.
Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева келін болып түскен күндерін еске алды. Ол Өзбекстанның Зарафшан қаласында болған екен. Айтуынша, Қазақстанның оңтүстік шекарасындағы көршілері салт-дәстүрді қатаң ұстанады және бұл елде келін болу оңайға түспейді. Беташар кезінде үш сағат бойы аяғында тік тұрып, жиналған жұртқа сәлем берген келін өзінің эмоциясымен бөлісті. "Күйеуімді мен аулаға қалай кірдік, солай көрмедім. Сөйтсем, ол өзінің сыныптастарына кетіп қалыпты. Шынымды айтсам, ештеңе есімде жоқ. Сағат алтыда тұрып, елдің бәріне сәлем салу керек екені, жаңа туыстарыма есім қою керек екені ғана есімде қалыпты. Сонымен бірге қоюлап шай құйып, қараңғыда далаға шықпауым керек болды. Бір қарасаң қиын емес сияқты. Бірақ мен терезеден шығып, Алматыма, Жезқазғандағы ата-анама қашып кеткім келді. Үш сағатқа созылған беташардан соң менің белім ұстап қалды. Бірақ барынша шыдауға тырысып бақтым. Мейіржанның туыстары көп еді, сондықтан әрқайсысына үш рет иілу кез келген кросфиттен асып түседі", - деді ол.