Алматыда 13 жасар қызды зорлап, оған АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды
13 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты іс шешілді.
Алматыда 13 жасар қызды зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құқық қорғаушы Ләззат Ракишева ер адам ең ауыр жаза алғанын мәлімдеді.
Сот айыпталушының диагнозын жақсы біле тұра, баланың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіргенін ерекше атап өтті.