Қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қалай сақтап қала аламыз?
Қазір Қазақстанда ғана емес әлем елдерінде технологиялар қарқынды дамып, жаһандану заманы басталды.
Сол себепті көбісі ежелгі қазақ дәстүрі мен салтын ескірді, заманға сай келмейді деп ойлауы мүмкін. Алайда өткенге құрмет көрсету, ұлттық құндылықты жоғалтпау қай ғасырда болмасын маңызды болып қалмақ. Себебі салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазақтың ең маңызды бөлшегі. Енді біздің мәдениетімізге ғана тән салт-дәстүрді қалай сақтап қала аламыз? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазір Қазақстанда ғана емес әлем елдерінде технологиялар қарқынды дамып, жаһандану заманы басталды. Сол себепті көбісі ежелгі қазақ дәстүрі мен салтын ескірді, заманға сай келмейді деп ойлауы мүмкін. Алайда өткенге құрмет көрсету, ұлттық құндылықты жоғалтпау қай ғасырда болмасын маңызды болып қалмақ.
«Қазақстан қазір жоғары халықаралық беделге ие. Өткенсіз болашақ жоқ. Еліміздің одан әрі дамуының маңызды шарттарының бірі саяси тұрақтылық болып табылады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазақтың ең маңызды бөлшегі. Мәдениетімізді сақтау арқылы ғана болашаққа нық қадам басамыз», дейді ҚазҰУ-дың мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Елнар Берікбаев.
Енді біздің мәдениетімізге ғана тән салт-дәстүрді қалай сақтап қала аламыз? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ұрпақтан ұрпаққа
Мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаудың негізгі тетіктерінің бірі — оларды зерттеу және ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету. Отбасыларда, мектептерде және жалпы қоғамда елдің тарихын, мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін зерттеуге жағдай жасау маңызды. Аға буын жастардың тәжірибесі мен білімін жеткізуде де маңызды рөл атқарады. Ал жастар өз кезегінде білім алуға және дәстүрлерді құрметтей білгені жөн.
Дәстүрді тұрмыспен байланыстыру
Тұрмыстық өмірде қолданыста болмаған дәстүрді сақтап қалу қиын. Өйткені күнделікті өмірден алшақтаған салт-дәстүр тек тарих беттерінде ғана сақталады. Мысалы елімізде тұсаукесер, бесік той немесе беташар секілді салт дәстүр әлі күнге дейін қолданыста. Ал ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлерді түрлі мерекелік шаралар мен фестивальдар ұйымдастыру арқылы қайта жаңғыртуға болады.
Мәдениетті сақтау – құрметтен басталады
Дәстүрлерді сақтау саналы тұтынумен және жергілікті мәдени өнімдер мен қолөнерді құрметтеумен байланысты. Жергілікті өндірушілерді, қолөнершілерді және суретшілерді қолдау бірегей мәдени дәстүрлерді сақтауға және олардың дамуы үшін қолайлы орта құруға ықпал етеді. Бірақ ең маңыздысы – дәстүрге құрмет көрсете білу.
Шығармашылық ынталандыру
Дәстүрлерді сақтау шығармашылық пен инновацияның дамуына кедергі болмауы керек. Керісінше, дәстүрлер инновациялық идеялар мен жобаларға шабыт бола алады. Қазақстанның қазіргі қоғамындағы құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау мәдени және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Зерттеу, интеграция, саналы тұтыну, мәдени бастамаларды қолдай отырып, шығармашылықты ынталандыру арқылы біз еліміздің бай мәдени мұрасын сақтап, оны болашақ ұрпаққа қалдыра аламыз.
Қолөнерші Бұлбұл Кәпқызы өмірін қазақы бұйымдарды заманға сай сән мен қажеттілікке айналдыруды қолға алған. Сөзінше алаша тоқып, киімдерге кесте тіккеннен рақат алады.
"Ең қымбат алашам 4 миллион теңге тұрады. Оны күніне 2-3 сағатымды арнап жылдар бойы тоқығанмын. Қолөнерді түсінетін адамдар оның мәнін түсінеді. Қолөнерден хабары жоқтарға ол құнсыз. Қазір өзіңіз байқасаңыз ас бөлмесіне, қонақ бөлмесіне қызыл оюлы алаша тоқу сәнге айналды. Алаша жеңіл, бір адам көтеріп алып, жуа қояды. Сол үшін біз қазақы әр дүниені қазіргі тұрмыста пайдаланудың тиімді тұсын көрсетсек әр бұйым өз орнын табады",-дейді Бұлбұл Кәпқызы.