Сәуір айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
«Қазгидромет» РМК сәуір айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синпотиктердің болжауынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерде тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін төмендейді;
- оңтүстікте +27…+32°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді;
- батыста +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жоғарылайды;
- шығыста +18…+26°С-қа дейін көтеріледі;
- орталықта +15…+25°С шамасында сақталады;
- оңтүстік-шығыста +25…+30°С болады.