Саясат

"Күшті соққы жасаймыз": Трамп күтпеген мәлімдеме жасады

Екі-үш апта ішінде АҚШ әскері Иранға қарсы ауқымды әрі күшті соққы беруді жоспарлап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа арнаған ресми үндеуінде Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның негізгі кезеңі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сөзінше, екі-үш апта ішінде АҚШ әскері Иранға қарсы ауқымды әрі күшті соққы беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бұл соққылар Америка Құрама Штаттарының әскери операцияларының шешуші кезеңі болмақ.

«Біз жақын арада барлық әскери міндеттерімізді аяқтаймыз. Алдағы екі-үш апта ішінде өте күшті соққы жасаймыз. Бұл — біздің стратегиямыздың маңызды бөлігі», — деді Трамп.

Президенттің айтуынша, жүргізілген әскери әрекеттердің арқасында Иран енді АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне бұрынғыдай қауіп төндірмейді.

Еске салсақ, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағына бірқатар әскери соққы жасады. Бұл өз кезегінде Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алып келді.