Шымкентте әйелдің туысы бірнеше күн бойы екі ұлды зорлап келген
Ер адам туысының 9 жастағы ұлын зорлап тастаған.
Шымкентте ер адам 5 жылдан бері баланы зорлап келген. Бұл туралы Ләззат Рақышева жазбасында мәлімдеді,
Оның жазуынша, Human Rights Lawyers қорына әйел өзінің 9 жастағы ұлын туысы зорлағанын айтқан. Босануға перзентханаға кеткен ол бір аптаға ұлын тусқандарының үйіне қалдырып кеткен екен. Сол уақытта ер адам баланы үш күн қатарынан зорлаған. Кейін анықталғандай, сол ер адам әйелдің әпкесінің баласын үздіксіз бес жыл бойы зорлап келген.
«Ата-аналар полицияға жүгініп, арыз жазды. Балалар енді үндемей қалғысы келмейді. Олар кінәлінің жазаға тартылуын және әділдік орнағанын қалайды. Күдікті бұдан бұрын алаяқтық бойынша сотталғаны белгілі болды», - деп жазды Рақышева.
Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізілуде.