Нұрай Серікбайдың өлімі: Ішкі істер министрлігі күдіктінің жазадан құтылып кетпейтінін мәлімдеді
Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов емдеу шаралары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданатынын айтты.
Ішкі істер министрлігі Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің жазадан жалтаруына ешқандай негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленовтің сөзінше, емдеу және сараптама шаралары аяқталған соң күдікті қайта жеткізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады. Осыдан кейін ол заң аясында жауапқа тартылады.
Айта кетсек, күдіктінің мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емделуге жіберілгені хабарланған болатын.