«Туған әпкемнен, жақын таныс кісімнен айырылып…»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі қазіргі жағдайын айтты
Шавкат Рахмоновтың әйелі ойлардың шырмауында жүргенін айтты.
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі оқырмандарының сауалына жауап беріп, қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Істі болған Гүлайым Рахмонова қиналып жүрген әйелдерге демеу болып, оларға амандық тіледі.
"Қазір бәріңізді оқып шығып жатқан болып жатырмын қайталап… қиналып жүрген немесе қиындықтан өтіп сынбай жүрген әйел қауымы көп екенсіздер.
Бірақ бастарыңыз аман болсыншы, балаларыңыз сап-сау, жақындарыңыз дін аман. Ерекше баламен күн, түн демей табан тоздырып жүрген аналар да бар.
Қазір менде таң атады, кеш батады бітпейтін ойлармен алысып адам санатында жүріп жатырмын. Туған әпкемнен, жақын таныс кісімнен айырылып… Балаларым алаңдатып, көңілімді аулап отыр. Дәл қазір Аллаға сеніңіздер, алары болса, берері де бар болғай", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол күйеуінің руы жайында сұрғана оқырмандарына жауап беріп, оның Қызылорданың тумасы, әлім руынан екенін айтты.