Қоғам

Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды

Кассациялық тәртіпте сот актілері Байжановқа қатысты қайта қаралады.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов үкімі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кассациялық соттар департаменті informburo.kz сайтының сауалына жауап берді.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сот өндірісінде қаралып жатыр. Мәліметке сәйкес, қорғаушылардың шағымы негізінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотынан Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаев қатысты қылмыстық іс материалдары сұратылған. Кассациялық тәртіпте сот актілері Байжановқа қатысты қайта қаралады.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев және оның қорғаушыларынан кассациялық шағым түспегені белгілі болды.

Сот отырысы 14 мамырға белгіленген. Кассациялық сатыда істі кемінде үш судьядан тұратын алқа қарайды.