Кәмпитке қақалып, тұншығып қалған шымкенттік бір өлімнен аман қалды
Кәмпит жеген 65 жастағы шымкенттік тұншығып қала жаздаған.
Шымкентте 65 жастағы ер адам кәмпитке қақалып, тұншығып қала жаздаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер дереу шұғыл шараларға кірісіп, арнайы құралдардың көмегімен кәмпитті тыныс жолынан алып шыққан.
Мәліметке сәйкес, тәтті оның тыныс алу жолына түсіп, ірі бронхын толық бітеп тастаған. Салдарынан ер адамның тынысы санаулы секундтар ішінде қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Ол жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Дәрігерлер бөгде затты сәтті алып, науқастың тынысын қалпына келтірді. Тағы сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", – деп хабарлады ведомство.
Көрсетілген медициналық көмектен кейін ер адамның жағдайы тұрақталып, ол ем қабылдап, ауруханадан шығарылған.