Қоғам

Түркістан облысында суға кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

Түркістан облысындағы Машат ауылында суға батып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекені Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды.