Қоғам

Алматыда садақа бермегендерді ұрып, қуып жүрген жасөспірімдер ел аумағынан шығарылды

Алматыда қоғамдық орындарда тәртіп бұзғаны үшін ұсталған шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.

Сот қаулысымен оларға қатысты ел аумағына қайта кіруге тыйым салу және мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында жасөспірімдер тобының азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз мінез-құлық танытқанын анықтаған еді.

Желіде тараған бейнежазбалардан олар көшедегі адамдарға тиісіп, заттарын тартып алып, тас лақтырғанын байқауға болады. Жасөспірімдер жедел анықталып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.