45 күндік атысты тоқтату: АҚШ, Иран және өзге мемлекеттер келіссөзді талқылап жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:18
- 33
АҚШ, Иран және басқа да елдер қақтығысты реттеудің алғашқы кезеңі ретінде 45 күндік атысты тоқтату режимін енгізу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Axios порталына сілтеме жасап.
Бұл мақсатта екі кезеңнен тұратын жоспар талқыланып жатыр. Бірінші кезеңде 45 күндік уақытша бітім орнату ұсынылады. Егер келісімге келіп жатса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Екінші кезең қақтығысты толығымен тоқтататын толыққанды келісімге қол қоюды көздейді.
Басылым дереккөзі мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соңғы күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған, алайда ирандық тарап әлі ешқайсын қабылдамаған.
Еске салсақ, 4 сәуірде Трамп Иранға 48 са,ат уақыт қалғанын мәлімдеген болатын. Егер келісім жасалмаса, елге жойқын шабуыл жасау ескертілді.
Тегеран бұл ультиматумды қабылдамай, АҚШ президентінің өзін "тозақтың түбіне жіберуге" уәде берді.
Жақсылық Омар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды
Ұқсас жаңалықтар
Иран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2026




