Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым»: Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

«Өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым»: Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Ляйсира Марат өз қалаулары барын айтты.

Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат қазақ тілін үйренгісі келетінін жасырмады, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Неге сіз қазақ тілінде сөйлемейсіз? Мен өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым. Қазақша сөйлемеудің себебін іздеуді тоқтаттым. Ең бастысы – менің өзімнің қалауым бар!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол қазақ тілін толық түсініп қана қоймай, еркін сөйлегісі келетінін жеткізді. Оқырмандарынан қандай курсқа жазылуға болатынын сұрады.

«Мен тек түсініп қана қоймай, қазақтілді ортамен толыққанды қарым-қатынас жасағым келеді: базарда саудаласу, әзілге әзілмен жауап беру, жолда әңгіме қолдау… Оқырмандарымның арасында осы жолдан өткендер бар екеніне сенімдімін, жақсы мұғалім немесе курстар ұсынсаңыздар, қуанышты болар едім», – деді Ляйсира Марат.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар