«20 жасында жатырынан айырылды»: Астаналық ару сіңлісін кесір тілігі арқылы босандырған дәрігерлерді кінәлады
Астанада кесір тілігі арқылы босанған 20 жастағы келіншек жатырынан айырылып қалды.
Астаналық бойжткен 20 жастағы сіңлісінің дәрігерлердің салғырттығынан жатырынан айырылып қалғанын айтып шағымданды. Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, сіңлісін кесар тілігімен босандырған дәрігерлер сол кезде оған инфекция түсірген. Кейіннен келіншектің дене қызуына қарамастан үйіне шығарып жіберген.
“Менің сіңлім Астана қаласындағы қалалық перинаталдық орталықта кесар тілігі арқылы босанды. Операцияны дәрігерлер Есимбаева Шугилажан Атыбаровна және Молдашева И.А. жүргізді. Ол клиникада жатқанда-ақ дене қызуы жоғары болған. Бұл операциядан кейінгі инфекцияның белгісі болуы мүмкін. Соған қарамастан, оны үйіне шығарып жіберген”, – деді тұрғын.
Айтуынша, үйге шыққаннан кейін 48 сағаттан кейін жас ананың жағдайы нашарлап, жедел түрде облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.
“Облыстық ауруханаға жеде жәрдеммен шұғыл түрде жеткізілді. Ол жердегі дәрігерлер операциядан кейін ауыр инфекция түскенін айтты. Таңертеңнен кешке дейін дәрігерлер кеңес өткізіп сіңлімнің жағдайына шешім іздеді. Бізге ашық түрде оны жоғалтып алуымыз мүмкін екені айтылды. Сағат 18:30-да оны шұғыл түрде операцияға алып кетті. Өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер жатырын алып тастауға мәжбүр болды. 20 жасында. Қазір ол №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда өмірі үшін күресіп жатыр”, – деп қосты ол.
Бұл жағдайдан кейін бойжеткен сіңлісінің жағдайына қатысты дәрігерлерден сұраған. Алайда мардымды жауап ала алмапты.
«Біз әділ, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізілуін талап етеміз. Себебі отадан кейін дене қызуының көтерілуі — қалыпты жағдай емес. Жас қыздың өмірін қатерге тікті. Бүгін бұл жағдай біздің отбасымызда болып тұрса, ертең сіздерде де болуы әбден мүмкін”, – деді ол.