"Мен жасырған емеспін": Олжас Абайдың екінші әйелі бар шындықты айтты
Олжай Абайдың жас қызбен түскен суреттері тарап кетті.
Белгілі актер Олжас Абайдың жас қызбен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл суреттер Threads платформасында жарияланған. Кадрларда актердің өзінен әлдеқайда жас бойжеткенмен бірге түскен суреті көрінеді.
Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты неше түрлі пікір қалдырды. Бірі мұны жасанды интеллект арқылы жасалған десе, енді бірі актердің Дариға Бадықовамен ара-қатынасы тек хайп үшін екенін жазуда.
Жас әйел өзінің желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
"Очоу 2017 жылы ажырасты. Ал біз 2018 жылы отау құрдық. Біздің 5 жасар ұлымыз бар. Есімі Карим. Мен жасырған жоқпын. Оның суретін желіге сала бермеймін. Мен тоқал емеспін. Олжастың Дубайдағы үйге қатысы жоқ . Мен өз жағдайымды өзім жасадым. Екі кәсіппен айналысамын. Онымен ара-қатынасымыз жақсы. Қазір екі қаладамыз. Оның сьемкадан қолы босамайды. Мен Астана мен Шымкенттің ортасында жүремін. Олжас 1989 жылғы, мен 1997 жылғымын", - деп жазды ол.
