Қоғам

Жаңа Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту ұсынылды

ОЛжас Бектенов Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуді атап өтті.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Премьер-министр жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары туралы айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуді жеткізді. Мәдениет және ақпарат министрлігіне осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

"Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс", - деп атап өтті үкімет басшысы.