Гүлнар Сиқымбаеваның із-түссіз кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды
Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды.
Алматыда 2026 жылдың 24 наурызы күні үйінен шығып кеткен Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды қайтып оралмаған
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы», - деп жазды Жазира Бегалы.