Денсаулық

Қазақстанда күніне 400 грамм жеміс пен көкөніс жейтін азаматтар көбейген

Елімізде салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары артқан.

Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың саны көбейген. 7 сәуір күнгі Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтына қатысты статистика ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, дереккөзге сүйенсек, Ұлттық зерттеулердің деректеріне сәйкес күн сайын кемінде 400 грамм жеміс пен көкөніс тұтынатын азаматтардың үлесі 2015 жылғы 34,3%-дан 2024 жылы 41,7%-ға дейін артқан көрінеді.

«Бұл халықтың арасында дұрыс тамақтану дағдыларының біртіндеп қалыптасып, тамақтану мәселелеріндегі саналы көзқарастың артқанын көрсетеді», - деп жазған ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2015 жылмен салыстырғанда алкогольді ішімдікті көп ішетін азаматтардың саны 4,1% пайыздан 2024 жылғы 1,6% дейін азайған, деп сендірді министрлік өкілдері.  

«Сонымен қатар, аптасына кемінде 150 минут орташа немесе жоғары деңгейдегі дене жаттығуын істейтін ересектердің үлесі 2021 жылғы 18,8% 2024 жылы 30,4%  дейін өсті», - деп хабарлайды ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Қазақстан сондай-ақ қазір 21 жасқа толмаған жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салған.