Саясат

АҚШ пен Иран уақытша атысты тоқтату жөнінде келісімге келді

Бұл жердегі негізгі шарт – Иран тарапының Ормуз бұғазын толық әрі қауіпсіз ашуы.

АҚШ президенті Дональд Трамп бомбалау мен әскери шабуылдарды екі апта мерзімге тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дональд Трамптің айтуынша, мұндай шешім Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Пәкістан армиясы штабының басшысы, фельдмаршал Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданған.

«АҚШ өзінің әскери мақсаттарына жетіп қана қоймай, оны асыра орындады. АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімнің 10 тармақтан тұратын ұсынысы талқыланып жатыр. Екі апталық үзіліс ұзақ мерзімді бейбітшілік туралы түпкілікті келісім жасауға мүмкіндік беруі тиіс», – деп жазды әлеуметтік желіде.

Оның сөзінше, бұл келісім Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге және Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға жол ашуы мүмкін.