Перизат Қайраттың Mercedes көлігі мемлекеттік органдарға берілді
Сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік органдардың меншігіне берілген.
Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S 450 мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат 7 сәуірде электрондық саудада пайда болды. Сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік органдардың меншігіне берілген.
"Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және бекіту. Сауда-саттық мәртебесі: Өтті", - делінген порталдағы хабарландыруда.
Құжаттамаға сәйкес, автокөліктің аккумуляторы отырып қалған, сондықтан оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін болмады. Көлікпен бірге Pandora дабылы бар кілт беріледі.
Көліктің іші ақ былғарымен қапталған.
Көліктің бағалау құны шамамен 79,4 миллион теңге болады. Сондай-ақ автокөлікке тыйым салу түрінде шектеу қойылғаны атап өтілген.