Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: әкім мәлімдеме жасады
Әкім мәселе жеке бақылауында екенін атап өтті.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимаратында болған өртке қатысты пікір білдірді. Айтуынша, өрт толық сөндірілген, зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында мәлімдеді. Бұл мәселе жеке бақылауында екенін атап өтті.
«Біріншіден, ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылды. Айтып өтейін ғимараттың тек шатыры ғана жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Біз соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргіздік, оның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланды. Екіншіден, түстен кейін, мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі. Үшіншіден, өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.Төртіншіден, қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатыр», деді әкім.
Сондай-ақ, ақпарат жедел түрде жарияланып отыратынын мәлімдеді.