Қоғам

“9-мамыр Жеңіс күні”: биыл Қазақстанда әскери парад өтпейді

Мерекелік күндер дәстүрлі парадсыз, бірақ мазмұнды іс-шаралар арқылы атап өтіледі.

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Атап айтқанда:

ерлік сабақтары; 

үздік әскери қызметкерлерді марапаттау; 

ардагерлерге құрмет көрсету; 

экологиялық акциялар; 

әскери оркестрлердің шеруі; 

шығармашылық ұжымдардың концерттері; 

әскери техника мен қару-жарақ көрмесі; 

"Солдат ботқасы" акциясы; 

ашық есік күндері.