Қоғам

Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың діни насихатқа қатысты ұсынысына пікір білдірді

Мәдениет министрлігі діни ағымдарға қатысты айтты.

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Қазақстанның құқықтық алаңында "діни насихат" ұғымы жеке санат ретінде қолданылмайтынын және радикалды және экстремистік ағымдарға тыйым салынғанын айтты. 

Жекелеген азаматтардың арандатушылық тудыратын мәлімдемелеріне (мәселен, Наурыз мейрамы туралы) тоқталған вице-министр, мұндай жағдайлардың тексерілетінін және кінәлілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарға жаза қолданылатынын атап өтті.

"Біз оларды жауапқа тартамыз. Бұл жалған ақпарат тарату, әлеуметтік, діни және өзге де араздықты қоздыру сияқты бірқатар баптарға жатады. Сондықтан бұл әрекеттердің барлығында құқық бұзушылық құрамы болса, міндетті түрде заң аясында қаралады", - деді ол.