Шымкентте мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды
Шымкентте 8-сынып оқушысы суицид жасады.
Дәрігерлер оқиға орнына келгенімен жасөспірімді құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының жазуынша, ақпаратты қалалық білім басқармасы растаған. Ондағы деректерге сүйенсек, қайғылы жағдай 6 сәуірде, оқушы үйде болған кезде орын алған.
"Жасөспірімді туыстары тауып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда дәрігерлер келгенде оқушыда өмір белгілері болмаған", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы.