Қоғам

Атырау облысындағы бір отбасының өлтірілуі: күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға жатқызылған

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облымында бір отбасыны өлтірді деген күдіктіннің әйелі туралыы дерек жариялады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысы Жангелдин ауылындағы отбасын өлтіру ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әділовтің айтуынша, бұл іс бойынша екі күдікті бар. Олардың бірі - күдіктінің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол сараптама жүргізу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрлігінен Атырауға барып, бұл қылмыстық істің барысын естіп тұрамыз", - деді ол.

Әділовтің сөзінше, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты стационарлық кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.

"Ол да күдікті деп танылды. Қазіргі уақытта психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Стационарлық, кешенді тексеру, сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның іс-әрекеттерінде де, алғашқы берген жауаптарында да сараптама тағайындауға негіз болды. Сондықтан осы сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдадық ", - деп хабарлады министрдің орынбасары.

Бұл іс бойынша әзірге жаңа күдіктілер жоқ екенін айтты.

Айта кетсек, 2025 жылғы 25 желтоқсанда полицияға Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасы жоғалып кеткен туралы туыстары хабарлаған. Кейіннен іздестіру жұмыстары жүргізіліп, ерлі-зайыптының денесі табылды. Осыдан кейін іс кісі өлтіру бабы бойынша қайта сараланып, жоғалған балаларды іздеу жалғасты. Күдікті ретінде 29 жастағы бұрынғы күйеу бала Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Ол Индонезияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындап, берген жауабы негізінде ауладан тағы екі адамның Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтың мәйіттері табылды.