Қоғам

Алматы облысында жер сілкінді

ТЖМ жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат таратты.

Алматы облысында жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ ақпарат таратты, деп хабарлайды KYN.KZ апарат агенттігі.

Ведомство хабарламасында жер сілкінісі Күрті ауданында болғаны жазылған.

"2026 жылғы 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:55-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді.

Эпицентр Алматы қаласынан 117 шақырым солтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағында (Алматы облысы, Іле ауданы) орналасқан. Алматы облысы Күрті ауылы - 2 балл", - делінген ТЖМ хабарламасында.