"Жын кірді деп анда апарып, мында апарып": журналист жындыханаға жатқызылған Аяқбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты айтты
Гүлмира Әбіқай Ақбаяннның жағдайына алаңдаушылығын білдіріп, әйелдерге өз ақылын айтты.
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді делінген Сұлтан Сәрсемалиев пен оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты өз ойын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Ақбаянның қазіргі психологиялық жағдайы босанғаннан кейінгі депрессияның болуымен байланыстырды.
«Ақбаян… 5-ші баласын туды, еш қолдау жоқ, күйеуі анау. Послеродовая депрессияны ешкім түсінбейді, жын кірді деп анда апарып, мында апарып, Индонезиядан бір-ақ шықты. Одан келіп өз ата-анасын, туғандарын өлтірген күдікті болып, ауытқу деп жындыханадан бір-ақ шықты. Балаларын құдай аясын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, мұндай жағдай қоғамда көптеген әйелдерде кездеседі. Журналист әйелдерге үндеу жасап, бірінші өздерін ойлауға кеңес берді.
«Босанғаннан кейінгі депрессия деп баса айтып отырғаным маған хат жазған көп әйел, дәл осы кезде босанған соң қолдау болмаған соң ажалын тапты. Ессіз көшеге шығып, емшектегі балаларын тастап, үй-жай, бала-шағасын ұмытып талай әйел із-түссіз жоғалып кетті ғой. Шолпан сол күйі табылмады, Ардақ жоқ болды, Шынар жындыханаға түсті... айта берсең көп. Ал, күйеулері еш уайымсыз 5-6 баланы тастап, жас әйел алып алған. Сондықтан, қыздар, айналайын әйелдер! Күйеуді бақытты қыламын деп бала тумаңыздар, өзім бақытты боламын деп өмір сүріңіз! Бақытты әйелдің жанында бақытты отбасы бар».