Астанада жалаңаш ер адам балалар алаңында пышақпен жүгірді
Шошынған ата-аналар мен балалар жан-жаққа қашып, тұрғындар дереу полиция шақырған.
Астанада ер адам жалаңаш күйде балалар алаңындағы бүлдіршіндерді шошытқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Петрова көшесі, 2-мекенжайындағы тұрғын үй ауласында 39 жастағы ер адам қолына пышақ ұстап алып, алаңда жүгірген. Айналасындағыларға айғайлап, балаларға “Сені пышақтап тастаймын!” деп қоқан-лоққы көрсеткен.
Шошынған ата-аналар мен балалар жан-жаққа қашып, тұрғындар дереу полиция шақырған. Құқық қорғау органдары шамамен 20 минуттан кейін келіп, ашулы ер адамды ұстады. Абырой болғанда, балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.