Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттай ма: энергетика вице министр жауап берді

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттай ма: энергетика вице министр жауап берді
Сурет: Getty Images
Энергетика вице-министрі бағаның күрт өсуі болмайтынын айтты.

Сенат кулуарында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Қазақстанның жанармай қоры жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Жанар-жағармай бағасы өзгеріп жатқан жоқ. Біз мұның ең алдымен ұсыныс пен сұранысқа байланысты екенін көріп отырмыз. Қазіргі уақытта тапшылық жоқ: бізде 600 000 тоннадан астам бензин және 600 000 тоннадан астам дизель отыны бар. Бізде жеткілікті қор бар және біз мұны қамтамасыз етіп жатырмыз. Тапшылық жоқ, сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі күтілмейді. Бағаның күрт өсуі болмайды", - деді Санжар Жаркешов.

Оның айтуынша, елімізде жанармай бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұны бақылап отыр. Әкімдіктерде орналасқан өңірлік штабтар жағдайды үнемі бақылап отырады, бағаның негізсіз немесе кенеттен көтерілуіне жол бермейді. Халықты және олардың төлем қабілеттілігін қорғау біздің басымдығымыз болып қала береді", - деді спикер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар