Атыраудағы қанды қылмыс: күдікке ілінген күйеубалаға қатысты жаңа дерек шықты
Атырау облысында бір отьасының төрт мүшесін өлтірді деген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты мәлімет жарияланды.
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы қазасына қатысты істің жаңа мән-жайлары белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Tengrinews.kz жазуынша, іс бойынша негізгі күдікті – марқұм отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сараптама қорытындылары әлі дайын емес.
"Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама белгіленді (қорытындысы алынған жоқ)", – деп хабарлады прокуратура.
Алайда оның нақты қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны әзірге нақтыланбаған.