"Ол жерге еркек жақындамайтын": Мұхамеджан Тазабек әйелінің босануына бірге кірген Төреғали Төреәліге туралы
Мұхамеджан Тазабек әйелдің босануында ер адамның бірге болмайтынын айтты.
Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әйелінің босануына бірге кірген Төреғали Төреәліге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақынға бір оқырманы әнші Төреғали Төреәлінің әйелінің босануына бірге кіруіне қатысты сұраған.
"Мысалы, кеше бір бауырым сұрап жатыр: "Аға, Төреғали әйелінің босануына бірге кіріпті ғой. Сол дұрыс па?" деп. Мен бірден жауап берген жоқпын. Біраз ойландым. Қарадым, сосын барып айттым.
Ей, бауырым. Бұрын қазақтар өзінің әйелін босандырғанда бір ауылда соған маманданған әжелер, аналар, жеңгелер бар болатын. Олар жанашыр болатын, олар тілектес болатын. Келінді де өлтіріп алмайын, бала да аман қалсын деп жан-жақтан қаумалап тұратын. Ол жерге еркек жақындамайтын. Ал енді қазіргі кезде ол роддомда білмейсің: мысалға қайта тумайтын қып буып тастап жатыр ма, тіліп тастап жатыр ма, кесіп тастап жатыр ма, шешіп тастап жатыр ма... Ол жерде неше түрлі ыңғайсыздық туғызып, медбраттар кіріп-шығып жатыр ма. Бөтен медбраттар кіріп, сол жерде келінге ыңғайсыздық танытқаннан гөрі, менің ойымша, күйеуінің қамқор болып, күйеуінің бірге болып, сол жердегі қауіпсіздікті, сол жердегі тыныштықты сақтауға ат салысса дұрыс деп ойлаймын", – деді Мұхамеджан Тазабек.