Басты жаңалықтар

Әнші Назима әкесінің өзінен қалай бас тартқаны туралы айтып берді (видео)

Назима: ол маған «Бұдан былай сен менің қызым емессің» деп айтатын

Мәскеуде өткен «Песни на ТНТ» байқауында ерекше көзге түсіп, Тиматимен дуэт жазған қазақ қызы Назима әкесінің өнерге баруына қалай қарсылық танытқанын айтып берді. Алғашында байқауға баратынын білген кезде қатты таңғалған екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Әкемнің қала сыртында бизнесі бар. Сол себепті үйге аптасына екі рет келеді. Бір күні заттарымды жинастырдым да әкеме конкурс туралы айттым. Ол «Қайдағы конкурс?!» деп таңғалды. Байқаудың Мәскеуде өтетінін айтқан едім, «Ок, қашан?» деді. Мен бір сағаттан кейін ұшып кететінімді айттым (Күлді.)», - дейді Назима. Сондай-ақ, әнші әкесінің көпке дейін өнерге баруына қарсы болғанын жеткізді. Тіпті, әкесі қызынан бас тартатынын айтып қорқытқан екен.

«Ол осы уақытқа дейін де менің шоу бизнеске баруыма қарсы екенін айтқан болатын. Қалай қарсылық танытқанын сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Тіпті «Бұдан былай сен менің қызым емессің» деп айтатын кездері де болды. Яғни ол менің әнге деген құштарлығыма ашуланатын еді. «Әке мен әнсіз өмір сүре алмаймын. Мені түсінуге тырысшы» деп айтатын едім. Иә, мен экономист бола аламын. Бұл жұмысымды да тиянақты істеуге қауқарым жетеді, себебі жауапкершілігім өте жоғары. Бірақ мен бұл жұмыстан ешқандай ләззат алмаймын», - дейді ол. Автор: Kyn.kz