«Халық заңгері»: Астана тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес берілді
- автор kyn.kz
- Бүгін, 22:24
- 44
Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.
Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.
Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты.
Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100-ден астам адам заңгерлік қолдау алды.
Акция елорданың барлық ауданында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.



