Мәдениет

"Мен тоқал емеспін": Нұрлан Абдуллиннен бала тудым деген әйел оның тастап кеткенін айтты

Нұрлан Абдуллиннен бала тудым деген әйел оның ұлына еш көмектеспейтінін айтады.

Белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннен ұл тудым деген әйел оның туған баласына қаржылай көмектеспейтінін айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме беріп.

Ақмарал Баққараева Абдуллинмен кезінде Нұрлан Нығматулин қызының тойында танысқан. Содан кейін 47 жастағы әнші 28-дегі оған сезімін білдіріп, көп ұзамай бала туған. Алайда балалы болғаннан кейін әншінің назары басқа қыздарға ауған екен.

«Мен үшінші некесі болып тұрмын. Өзімді тоқал санамаймын. Оның әйлдерін білмеймін. Екеуміздің ортақ ұлымыз бар. Есімі - Мұқан Аят Нұрланұлы. Мен емес, Нұрлан туғандай көшірмесі. Ол талантты бітнеше тілде ән айтады.  2020 жылы қатты ұрсысыстық. Сол кезде бірге тұруды ұсындым. Ол бізге келіп жүрді. Өзімнің анам сыйлыққа берген үш бөлмелі пәтерім бар. Мен ақша үшін онымен жүрмедім», - дейді Ақмарал.

Кейіннен Нұрлан Абдуллин оны екі жасар баласымен тастап кеткен. Қазіргі кезде ол әншімен соттасып жатқанын айтады.

«Әртістердің көбісі Нұрлан Абдуллиннің ұлы бар екенін біледі. Мен баламның құқығы үшін ДНҚ тест тапсырдым. Сол кезде ол маған ренжіді. Мен кейін басқалардың баламды көшеден туылған деп айтуына қарсымын. Нұрланға ен «Сен мені оқытып алғансың» деп айтатынмын. Олар көріпкелдер мен қара күштерге қатты сенеді. Сондықтан мен солай ойлаймын», - дейді ол.

Нұрлан Адуллиннің жағдайы жақсы екенін айтқан Ақмарал оның туған ұлына қаржылай көмектеспейтініне ашынады. Айтуынша, әнші ұлына емес, әйелдерге ақша жіберетін көрінеді.

«Ол бірінші әйелімен ажырасып кеткен. Нағима деген екінші әйелі. Ол оған бала туып бермегенін өзі айтқан. Ол өгей балаларына көмектесіп, өз туғанына бермейді. Мен өолымды бір сілтеп жүре бергім келеді. Бірақ Нұрлан мені өлтіремін деп қорқытады. Оның жазғандарын ұлы да естіп қойды. Енді ол менен «Сені әкем өлтіре ма? Сонда мен не істеймін?» деп айтады», - дейді әйел.