Басты жаңалықтар

Мектеп бітіру кешіне қаражат жинауға тыйым салынады: оқу министрлігі мәлімдеме жасады

Оқу министрілігі мектеп бітіру кешіне байланысты және кеш ұйымдастыруға тыйым салды.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кешінде ақша жинауға тыйым салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

"Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.

Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.

Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдемесінде.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Ал ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылған.