Астанада өрттен үш бала қаза тапты: тірі қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
Өрт салдарынан ауруханаға жеткізілген әйелдің жағдайы белгілі болды.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Көркем-3» тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, 12 сәуірде болған өрт салдарынан үш бала қаза тапқан болатын.
Басқарманың хабарлауынша, әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Қазіргі уақытта науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда», — деп мәлімдеді басқармада.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел медициналық көмектің үш бригадасы жұмыс істеген.
Бұған дейін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті түнгі өртке қатысты қосымша мәліметтерді жариялаған болатын. Құтқарушылардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің ауласына кіретін жол темір қақпамен жабық болған, ал аула көліктермен толып тұрған.