"Анасымен ұрыс болды": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі сұхбат берді
Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасу себебін айтты.
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Гүлайым Рахмонованың сөзінше, отбасындағы түсініспеушіліктердің туындауына негізгі себептердің бірі – қайын енесімен арадағы қарым-қатынас болған.
«Біз онымен ешнәрсесі жоқ кезде қосылдық. Шавкаттың анасымен менің арамызда ұрыс болды. Сол кезде «келінді өзбектен алуым керек еді. Сен тәрбие көрмегенсің» деген сөздер айтты. Мүмкін қызметіне жақпай қалған шығармын», - дейді Гүлайым.
Айтуынша, спортшының бұрынғы әйелі журналистке өзі хабарласып, сұхбат алуын өтінген.
«Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым маған хабарласып, сұхбат алуымды өтінді. Өздеріңіз білесіздер, ол көпбалалы ана ретінде жол апатына түсіп, кейін сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Гүлайымның айтуынша, бұл қиын кезеңде отбасы үлкен сынаққа ұшырап, тағы бір соққы алған», – деп жазды журналист.