Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Заң мен тәртіп” қағидаты: Атырауда ЖИ көмегімен  4500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

“Заң мен тәртіп” қағидаты: Атырауда ЖИ көмегімен  4500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Атырау облысы әкімдігі
Атырауда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы қызмет етуде.

 Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясында Атырау облысында “Заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асыру мақсатында іске қосылған интеллектуалды бейнеаналитика жүйесі полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын тиімді атқаруына мүмкіндік беруде.

Бүгінде Атырау қаласында жасанды интеллект элементтері бар  400 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олар адамдар көп жиналатын нысандарға – аялдамаларға, әуежай мен теміржол вокзалына, сондай-ақ автовокзал аумағына орнатылған.

Жүйе азаматтардың жүзін танып, агрессивті мінез-құлықты, адамдардың шамадан тыс жиналуын, және өзге де күмәнді жағдайларды автоматты түрде тіркейді. Мұндай жайт анықталған сәтте жүйе жедел қызметтерге бірден дабыл сигналы жібереді. Сондай-ақ, жүйеге іздеудегі, есептегі тұлғалардың фотосуреттері енгізілген, камера обьективіне ілінген бойда бет пішіндері арқылы сәйкестендіріліп, лезде Жедел басқару орталығына хабарлама түседі.

Атырау облысы ПД Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары әрі жедел ден қою бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жанат Рахметованың айтуынша, бейнеаналитика жүйесі өз тиімділігін дәлелдеп үлгерген.

– Жыл басынан бері бейнеаналитика жүйесінің көмегімен  72 адам анықталып, оның ішінде 28 құқық бұзушы полицияға жеткізілді. Анықталғандардың басым бөлігі – әуежай, теміржол және автовокзал аумақтарында жасанды интеллект арқылы бет бейнесі сәйкестендіріліп танылған азаматтар, – деді ол.

Айта кету керек, “TargetEye” бағдарламасымен  жыл басынан- 4516 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 125 қылмыс ашылған.

Жаңа цифрлық технологиялар полиция жұмысының тиімділігін арттырып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған. Болашақта мұндай интеллектуалды жүйелерді облыстың өзге аудандарына орнату жоспарланып отыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар