Басты жаңалықтар

Жаңаөзенде бес жігіт қыз алып қашпақ болған: олар үш жылға сотталды

Түн ортасында үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс бес жігіт бас салып, алып қашпақ болған.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызды күшпен алып қашқан бес жігітке сот үкімі шықты. Олардың әр қайсысы істеген әрекеті үшін үш жылдан бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қызды еркінен тыс некеге мәжбүрлегендердің кінәсі бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы толық дәлелденді.

Бұл жағдай былтыр желтоқсан айында болған. Түн ортасында үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс бес жігіт бас салып, алып қашпақ болған. Еңгезердей үш жігіт қызды сүйреп, көлікке кіргізбек болған. Көлік жүргізушісі де оларға есік ашып, көмектескен. 

Қыз жанұшыра айқайлап, қарсыласқан. Соңында бөгде әулеттің табалдырығаннан аттамай, қылмыскелердің үстінен арыз түсірген. Осылайша, адам ұрлау бабымен тергеу жүргізіліп, бес жігіт те үш жылға сотталды.