Қазақстанда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады
Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік мемлекет қорғауында.
Қазақстанда қалалық аумақта өсіп тұрған сиреньді (мамыргүлді) зақымдағаны үшін 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-1-бабына сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз зақымдағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл шамамен 216 250 теңгені құрайды.
Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік мемлекет қорғауында. Ал егер ол жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.