Басты жаңалықтар

"Қымбат бағаға сатады": ІІМ қазақстандықтарды концертке билет сатып алуда абай болуға шақырды (ВИДЕО)

Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу кезінде алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін. Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. 

«Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал», – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.