Қоғам
Air Astana және FlyArystan жанармай туралы жалған мәлімет берген: екі әуе компания айыппұл төледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2026
- 288
Екі әуе компаниясы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанның Көлік министрлігі Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, авиациялық отын мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар барысында аталған компаниялардың отын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынғаны анықталған.
"Осыған байланысты екі әуе компаниясы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 432 500 теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Дипломын алған сәтте ел алдында жыртып тастаған азамат қамауға алынды
- авторkyn.kz
- Бүгін, 12:59




