Айым Серікбаева таеквондодан әлем чемпионы атанды
Араға 20 жыл салып Қазақстан қоржынына жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі түсті
Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан әлем біріншілігінде қазақстандық Айым Серікбаева жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Qazsporttv.
Айым Серікбаева (-44 кг) финалда мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен жеңді.
"Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіның хабарлауынша спортшы араға 20 жыл салып Қазақстан қоржынына жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін салды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін, таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған.
Сонымен қатар, Айым Серікбаева Азия чемпионы және жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы атанған.